stadion

Қобыланды батыр атындағы «Орталық стадион» қаланың басты футбол аренасы және «Ақтөбе» футбол клубының өз аренасы болып табылады. Нысан 1975 жылы салынған (Стадион жобасының авторы Костин Алексей (Мәскеу қ-сы.). Стадион 1975 жылы 28 тамызда ресми ашылған, бұл күні жергілікті «Актюбинец» Мәскеулік «ЦСКА-мен» жолдастық кездесу өткізген. Мәскеулік команда 1:0 есебімен жеңіске жетті, жалғыз голдың авторы Копейкин. Стадион еліміз бойынша ең көп жанкүйер жиналатын кешен. Стадионға бір мезетте 12800 адам сияды. Стадионның ерекшелігі, тек футбол матчтарына ғана арналған (жүгіретін жолдары жоқ).


Фото

FC AKTOBE TV