Александр Седнев: Жоқ жерден гол жіберіп алдық


"Ақтөбе" бас бапкерінің "Сепси" командасымен өткен ойыннан кейінгі сұхбаты - (1:3) -Ойын есебіне қарамастан, бірінші таймда көңіл толарлықтай ойын көрсеттік. Ең әуелі футболшылардың іске деген кәсіби көзқарастарын айтар едім. Ойынды өрбітуіміз, алаңда болып жатқан жәйттарға ойыншылардың реакциясы дұрыс бағытта болды. Жан-тәнімен беріліп ойнауды, ерік-жігерді де көрдім. Қарсыластың физикалық әлеуеті басқа деңгейде екендігі түсінікті, дегенмен, біздің жігіттердің ойынды бастаулары, ойын тізгінін ұстаулары маған ұнады. 
Ұнамаған тұсы - жоқ жерден гол соқтырып алуымыз. Бұл біздің "ауруымыз". "Емдеуді" неден бастарымды білмеймін, бірақ қателік жасап гол жіберіп алуымыз командамыздың мәртебесі мен деңгейіне лайық емес. Футболда ұсақ-түйектің жоқтығын түсініп, қателіктен сабақ алатындай бізде уақыт болады ғой деген үміт бар. Болашағы бар жас ойыншыларымызды да көрдім. Әрі қарай өрлеп өсе береміз деген үміттемін. 
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV