«Ақтөбе» ФК 2019 жылдың маусымдық абонементтерін сатуды бастайды

«Ақ-қызылдар» үшін жуырда жаңа футбол маусымы басталады. Жаңа маусым – бұл жаңа жоспар мен жаңа үміт! Абонемент сіздің уақытыңыз бен қаржыңызды үнемдейді, «ақ-қызылдардың» отбасына қосылып, клуб ұсынатын жеңілдіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жаңа маусымда бағалар өз бағасымен қала береді. Барлық шегерімдер мен артықшылықтар сақталады. Оған қоса, жанкүйерлер үшін абонементтің бірнеше түрі қарастырылған:

СТАНДАРТ – Жанкүйер кез-келген сектордың абонементін стандартты бағамен сатып ала алады. (бағалардың кестесі бар) 

ЖЕҢІЛДІК – Біз түрлі жеңілдік дайындадық. Біздің ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар және зейнеткерлер – бәрі өз абонементтерін ала алады!

ОТБАСЫЛЫҚ – «Қобыланды батыр» стадионына отбасыңызбен бірге келгіңіз келсе, «Отбасылық» абонементін алыңыз. 

КОРПОРАТИВТІК – «Ақтөбе» ФК-ның матчтарына ұжым болып келу – ұжымның ынтымағына әсер етіп, уақытты көңілді өткізіп,  жақсы көңіл-күйге бөлейді.  

ФАНАТТЫҚ – Команданы 90 минут бойы талмай қолдағыңыз келе ме? Онда «13 секторға» арналған абонементке ие болыңыз!

ВИП – Ойынды ыңғайлы орында отырып көре аласыз. Батыс трибунасының ең орта жері!

2018 жылғы абонемент иелері орындары сақталады, олар өз орындарын қайтадан сатып ала алады. 

АБОНЕМЕНТ 2019 — БҰЛ: 

- «Ақтөбеге», клубтың салт-дәстүріне берілгендіктің символы; 
- Өз алаңымыздағы ойындарға келудің ыңғайлылығы; 
- Команданың дамуына үлесіңді қосу; 
- Қаражат үнемдеу; 

«Ақтөбе» ФК абонемент иесі мынадай артықшылықтарға ие болады: 

  • Абонемент иесі «АҚТӨБЕ» футбол клубының 2019 жылғы Қазақстан чемпионатының өз алаңындағы барлық ойындарына кіре алады. Орталық стадиондағы ойындарда, абонемент иесі өзі иемденген орынға отырады. Ойындар басқа стадиондарда (қосалқы алаңдарда) өткізілген жағдайда, абонемент иесінің сол матчқа тегін кіруіне кепілдік беріледі. Сонымен қатар, абонемент иесі «Ақтөбе» шағын-клубының 2019/20 жылғы маусым ойындарына тегін кіре кіре алады.
  • Абонемент құны «Ақтөбенің» өз алаңындағы барлық матчтарының құнының жиынтығы. Сондай-ақ, абонемент иегері маусым барысындағы 17 матчтың 16 матчына ғана төлейді. 
  • Абонемент иесі Қазақстан кубогының өз алаңымыздағы ойындарына тегін кіруге құқылы. 
  • Абонемент иесіне маусым бойы «Ақтөбе» ФК ұйымдастыратын командамен кездесу, автограф-сессияға, басқа да арнайы іс-шараларға қатысуына артықшылық беріледі. 
  • Абонемент алған жанкүйерлер арасында «Ақтөбе» ФК сыйлық ойнатады. Ойтану күні алдын-ала хабарланатын болады.

    Абонементке шегерім: 

    - Зейнет жасына жеткен зейнеткерлер Батыс трибунасының 16 және 17 секторларынан басқа кез-келген секторға абонементті 50 % шегеріммен ала алады. 

    - 14 секторға отбасылық абонемент сатып алушы 50 % шегеріммен ала алады (3 абонементтен кем емес)

    - ҰОС ардагерлері, футбол және спорт ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар (1 және 2 топтағы мүгедек) абонементті шегеріммен ала алады.

- Бірден бірнеше абонемент сатып алуға ниет білдірген мекемелерге де шегерім қарастырылған, әрбір мекемені жеке қарастырамыз.

Абонементтер мына трибуналар мен секторларға сатылады: 

Батыс трибунасы: 

- 14 сектор (отбасылық) – 4 800 теңге. 
- 15 сектор – 12 800 теңге
- 16 сектор – 16 000 теңге (шегерімсіз) 
- 17 сектор – 16 000 теңге (шегерімсіз) 
- 18 сектор – 12 800 теңге (6 400 теңге) 
- 19 сектор – 9 600 теңге (4 800 теңге) 
- ВИП сектор – 48 000 теңге (шегерімсіз) 

Шығыс трибунасы: 

- 1 сектор – 8000 теңге (4 000 теңге) 
- 2 сектор – 9 600 теңге (4 800 теңге) 
- 3 сектор – 12 800 теңге (6 400 теңге) 
- 4 сектор – 12 800 теңге (6 400 теңге) 
- 5 сектор – 9 600 теңге (4 800 теңге) 
- 6 сектор – 8 000 теңге (4 000 теңге) 

* Жақша ішінде зейнеткерлерге арналған шегерімдер көрсетілген.

2018 жылғы абонемент иелері орындары сақталады, олар өз орындарын қайтадан сатып ала алады. 

Абонемент тіркеуге өзіңізбен бірге жеке куәлік алып келу керек. Сонымен қатар, шегерім абонементтері үшінде де құжаттар керек (зейнеткерлік куәлік, мүгедектік құжаттар т.б. 

Толығырақ ақпаратты алдын-ала хабарласып, «Ақтөбе» ФК кеңсесінен біле аласыздар, мекенжайы: Әбілқайыр хан д-лы, 56, 8-7132-97-25-07, 8-705-223-04-04. (күн сайын 18-00-ге дейін қабылдаймыз). 

"Ақтөбе" ФК

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV