Маркос Пиззеллидің отасы сәтті өтті

Крест тәрізді байламды зақымдап алған "Ақтөбе" футбол клубының жартылай қорғаушысы Маркос Пиззеллиге Бразилияда ота жасалды. Ота Сан-Паулудың емханаларының бірінде жасалды. 
 
Маркос ертеңнен бастап оңалту процесін бастап кетпек. Футболшы қалыпқа келу үшін уақыт қажет. 
 
Пиззелли 16 қазан күні Армения мен Македония ұлттық құрамалары арасында өткен матчта (4:0) жарақат алған еді. Ол ойынның 12-ші минутында гол соғып, 22-ші минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды. Былтырғы маусымда Пиззелли 24 ойында 18 гол соғып, 9 голдық пас берген. Ол чемпионаттың үздік сұрмергені әрі үздік ойыншысы атанды. Жыл қорытындысы бойынша Арменияда "Жыл ойыншысы" атағына ие болды. 
 
"Ақтөбе" футбол клубының ұжымы Маркосқа жарақатынан айығып, қатарға тез қосылуын тілейді!
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV