Александр Седнев: Батыл ойнағанымыз маған ұнады

«Ақтөбе» бас бапкерінің «Шиофик» командасымен өткен ойыннан кейінгі пікірі – 1:1.

- Тәулік бойы толассыз жауған жаңбыр бүгінгі ойынға, оның қарқынына әсерін тигізді деген ойдамын. Бірақ қос команда да тең жағдайда болды ғой, сондықтан ең бірінші осындай шылқыған алаңда ойыншылардың қолайсыз жағдайдан қалай шығатындарын, ойын тізгінін қалай алып жүретіндігін көру маңызды еді.

Ең қуантқаны – ойын жылдамдығын көруім. Физикаға көңіл бөліп, ауыр жаттығулар жасап шыққан ойыншылар ойын алдында шаршаңқы көрінген еді, демек, ойын барысында футболшылардың іс-қимылдарына баға беру маңызды болатын. Құрамды үнемі ротация жасап, ойыншыларды әрі-бері алмастырып ойнатып жатқанымызға қарамастан, біздің батыл ойнағанымыз маған ұнады, себебі біз әр ойында алаңға жаңа жас ойыншыларды шығарып, әлеуетін байқап көріп жүрміз. Бапкерлік штабтың ойыншылардың деңгейіне, әсіресе жас ойыншыларға көңілі толады. Дегенмен, ешкімді бөліп-жаруға келмейді. Жалпы жиынның негізгі қозғаушы әрі маңызды ролін біздің тәжірибелі ойыншыларымыздың атқара білгеніне қуаныштымын. Олар біздің жас ойыншыларға жаттығулар мен ойындарға бой үйретуге көмектеседі. Сондықтан, бәрінен бұрын осындай қарым-қатынас мені қуантты. Ойыншылардың ынта-жігері, әсіресе бірінші таймда қарсыласқа өз ойынын ұсына білулері ұнады.


Біз голымызды зор еңбегіміздің арқасында соғып жүрміз. Ал өз қақпамызға әдеттегідей болмайтын жерден соқтырып алдық, өрескел қателік десе болады. Өз қақпамызға гол соғуды қойсақ та, қарсыласқа «көмектесіп» жатырмыз. Олар өз қақпамыздың алдында аса қауіпті шабуыл ұйымдастыра алмаса да, олардың аз-маз ғана сәттерінен гол соқтырып алып жатырмыз. Бұндай қателіктен тез арада арылуымыз керек. Алайда, команда ойын соңына дейін жеңіс үшін барын салып, тырыса білді. Ешкім тең ойынға қанағат тұтпады.

Ұнамағаны – екінші таймда алаңға шыққан бір топ жас ойыншылардың ойынға сылбыр шығып, өздерін көрсетуге тырыспағандары. Әңгіме қателікте емес. Әңгіме ойынға құлшынып шыға алмауда. Өмір бойы болашағынан үміт күттірер ойыншы болуды қойып, ойынға құлшынып шығып, ойнап кету. Ойын көп нәрсені көрсетеді. Біз жас ойыншыларды алып тастап, олардың орнына алаңға тәжірибелі ойыншыларды шығарғандай әсерде қалдық – жас ойыншылар өздерін бұрыннан ойнап келе жатқандай көрсетті. Бұның нақты қандай себептен шығып жатқанын әзір білмеймін – мүмкін шаршағандық болар, әлде қателік жасап қоюдан қорыққандық болар. Бірақ сіздер көріп отырсыздар ғой, біз ойын есебіне де, ойын барысына да қарамаймыз, біз ойыншыларды ақырындап ойынға қосып, олардың бой үйретулеріне жағдай жасаймыз. Алайда бізге, бапкерлік штабқа әр адам өзін көрсету керек, лайықты жауап қату керек. Мен сол нәрселерді көргім келеді. Қателіктер болған, бар, бола береді де. Бірақ құлшыныс пен ойынға құштарлық болмай, өз-өзін қамшылап, жетелей алмаса, алға жылжу өте қиын болады.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV