Саят Жұмағали: Алғашқы жиынға көңіліміз толады 

«Ақтөбе» қорғаушысы Саят Жұмағали команданың Түркияда өткен оқу-жаттығу жиынын қорытындылады. 

-Алғашқы оқу-жаттығу жиынын қорытындыласақ, барлық жоспарлаған жұмыстар орындалды. Жиынның негізгі мақсаты – қара күшті шыңдауға аса мән беру еді. Жаттығуларда өзімізге күш салдық, ауыр жаттығулар жасалды. Бұл маусым алдындағы негізгі кезең еді. Команданың ұзақ маусымға төзімділігін шыңдайтын жиын өтті. Көңіліміз толады. Алғашқы оқу-жаттығу жиыны чемпионат алдындағы «іргетас» іспеттес. Осы жерде маусымға керекті барлық жаттығулар жасалады. 

Түркияда үш бақылау матчын өткіздік. Ол ойындардың нәтижесін өздеріңіз білесіздер. Екі рет тең ойнап, бір рет жеңілдік. Бірақ жиындарда нәтиже маңызды емес деп ойлаймын. Өзім сол ойындардың бірінде басынан аяғына дейін толық ойнап шықтым. Екі ойында алмасып ойнадым. 

Ауа-райы шамалы қолайсыздау болды, дегенмен, ойға алған барлық жоспарларымызды іске асыра алдық. 

Екінші жиын 1 ақпанда басталады. Ол жақта бірнеше жолдастық кездесулер күтіп тұр. Жігіттер толық дайын. Әрі қарай шыңдала берпекпіз. 

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.  

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV