Александр Седнев: Жас ойыншыларымыздың шабыттана ойнағандарына қуандым 

"Ақтөбе" бас бапкерінің еревандық "Алашкерт" командасымен өткен ойыннан кейінгі пікірі - 1:1. 

- Ойын тартысқа толы өтті - тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да. Құлшыныс пен жігерлікті ойынның екінші бөлігінде ғана байқай алдым. Соны біздің ойыншылардың бойынан көргенім үшін қуаныштымын. Жас ойыншыларымыздың біздің бірінші жиыннан кейін берген нұсқауларымызға құлақ түріп, шабыттана ойнағандарына қуандым. Өкінішке орай, бірінші таймда ондай ойынды көре алмадым. Біз өте тәртіпті, сақ ойнадық, артық қимыл болмады. Кей ойыншылар "маңғаздана" ойнады. Мен бұл "маңғаздықтың" орнына ойынға өзін-өзі жігерлерлендіру болғанын қалар едім. Бірінші таймда жеңіске жеткенімізге қарамастан, маған екінші таймдағы ойын көбірек ұнады. Алдағы уақытта нәтиже мен ойын сапасын бір жерге "біріктірсек" деген тілек бар. Бірақ футболшылар ол үшін біраз тер төгу керектігін білулері керек. Біз әзірге дұрыс бағытта келе жатырмыз. Қарсыластан бір бас жоғары өнер көрсету бізге әлі де болса ерте. Біз өзімізге "пайда" тигізетін ойын көрсетуіміз керек. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV