Арам Восканян: "Ақтөбеге" сәттілік тілеймін! 

Кезінде Петропавлдың "Есіл-Богатырь" командасында ойнаған, қазіргі уақытта армяндық клубтың бас бапкері Арам Восканян "Ақтөбе" мен "Алашкерт" командалары арасындағы ойынға өз пікірін білдірді (1:1). 

- Жақсы ойын болды. Біз екі құраммен ойнадық. Бірі 60 минут ойнаса, кейбірі 30 минут ойнады. Біз әрбір ойыншының әлеуетін байқап, кімнің қалай ойнайтынын бақылап көрдік. Былайша айтқанда, жиын кезіндегі әдеттегі бақылау матчы болды. "Ақтөбе" жас әрі жақсы ойнай білетін команда. Мен оларды бұрыннан білемін. Әрине, қазір көп нәрсе басқаша - жас ойыншылар көп. "Ақтөбеге" сәттілік тілеймін! 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV