Шурыгиннің миы шайқалды  

Кешегі "Ақтөбе" мен "Алашкерт" командалары арасындағы өткен матчта "ақ-қызылдардың" жартылай қорғаушысы Антон Шурыгин басынан жарақат алды. Медициналық штаб ойыншыны әзірге жаттығулардан босатты. Футболшы қазіргі уақытта керекті емін алып жатыр. Шурыгин 2-3 күннің ішінде қатарға қосылады деп жоспарланып отыр. 

Біз Антонның нағыз ер мінезді, қайтпас-қайсар ойыншы екенін білеміз. Тоханың жасыл алаңға тез оралуын тілейміз!
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV