Александр Седнев: "Спартакпен" тең ойнау біз үшін мәртебе"
 
Ақтөбе" бас бапкері мәскеулік "Спартакпен" өткен ойынға пікір білдірді - 2:2.
 
- Мен біздің жиынның ұйымдастырушыларына, сонымен қатар, әрине, "Спартак" командасына бізбен жолдастық матч өткізуге келіскені үшін алғысымды білдіремін. Бұл ойыннан біздің үйренеріміз мол. Біздің ойыншыларымыз жылдам футболды тереңінен түсінсе екен деймін. Себебі, қарсылас шеберлігі жоғары ойыншылардан құралған команда. Иә, бізге оңай болмады. Алайда, бұл ойын біздің дайындығымыздың бір бөлігі ғана. 
Мен ойын нәтижесіне назар аударғым келмейді, дегенмен, осындай қарсыласпен тең ойнау біз үшін мәртебе. Сөйтсе де, әлде де батылырақ қимылдау керек еді. Ең іліп алар пайдамыз - біз алаңда болып жатқан жағдайды дұрыс бағамдай алып, тиісті жауабымызды беріп отырдық. Қарсылас алдында өз шама-шарқымызды саналы түрде көре алдық. Біз барлық ойыншыларды ойынға қатыстырдық. Сөйте тұра, біз кейбір ойыншыларды басқа позицияларға қойып көріп, олардың осындай бәсі жоғары қарсылас алдында әлеуетін бір сынап көрдік. Футболшыларымыздың өздеріне таңсық позицияларда жақсы ойнап шыққандығы бізді қуантты. Қалай болғанда да, қайбір ойыншының өз міндетін атқара алмай, қауқарсыздық көрсетіп жатқанын байқай қоймадық. Бапкерлік штаб әрі қарай да тотальды футбол үлгісін ойыншылардың бойларына сіңіре бермек. Алдағы уақытта жан-жақты ойнау үшін көбірек мүмкіншілік туады деген үміттемін. 
Команда үш тәуліктің ішінде екі ойын ойнаса да біз демалыс алмаймыз. Ертең де жұмысымызды жалғастырамыз. Әзірге біз ойыншылардың жасап жатқан жұмыстарына ризамыз. Меніңше, біз дұрыс бағыт алып, күн өткен сайын толысып келе жатырмыз.
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.
 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV