"Ақтөбенің" жиынына ганалық ойыншы қосылды 

Түркияда жаттығып жүрген "ақ-қызылдардың" қосынына Гана елінің футболшысы Аддаи Амос келіп қосылды. 22 жасар вингер команданың бапкерлік штабының көңілінен шығу үшін тер төкпек. 
Бұрын ойыншы өз елінде "Ашанти Голд" командасында ойнаған. Амос бүгін тағы бір жаңа ойыншы Ибраима Конте екеуі ақтөбеліктердің "Мариуполь" команадасымен өтетін ойынына қатысады. 

Естеріңізге саламыз, матч Ақтөбе уақыты бойынша 19:30-да басталады.

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV