Александр Седнев: Қарсылас бізді бар күшімізді сарқи ойнауға мәжбүр етті 

"Ақ-қызылдардың" бас бапкері "Мариупольмен" өткен ойыннан соң пікір білдірді - 1:3. 

- Бүгін жақсы қарсыласпен ойнадық. Теке-тіреске толы ойын болды. Алдыңғы кездескен командаларға қарағанда деңгейі әжептәуір жоғары. Олар бүгін бізді басқа футбол ойнауға мәжбүрледі. Менің ойымша, біз бүгін бар білгенімізше ойнадық. Мен алдын біздің жоспарларымыз бен команданың деңгейі туралы сөз қозғаған едім. Қарсылас бізді бар күшімізді сарқи ойнауға мәжбүр етті, сол үшін де мен футболшыларыма осынша қысымға төтеп берерліктей күш сарпығандары үшін алғыс айтамын. 
Ойын барысында көбінесе есепті теңестіріп отыруға тура келді. Біз шабуылдарымызды позициялық түрде жасағымыз келді. Өкінішке орай, біз әлі де "жоғары жақта" ойнауға дайын емеспіз. Біз қарсыластың қарымта шабуылында әлсіздік танытып жатырмыз. Оған қоса, біз өзіміздің шабуылымызды да жөндеп жасай алмай жатырмыз. Ақырынды өз қақпамызға гол соғып алып жатамыз. Алғашқы екі голды стандарттан соқтырып алдық. Үшінші голды қарымта шабуылдан жіберіп алдық. Біздің қақпамыздың алдында көптеген қауіпті сәттер болды, қарсылас бізге қарымта шабуыл мен позициялық шабуылда қалай ойнау керектігін әдемі көрсетті. Өкінішке орай, біз бұл тұрғыда әлі ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе жасай алмай жатырмыз. Біз ойыншылардың орындарын алмастырып, түрлі ротация жасап жатырмыз, олардың түрлі қырларын бақылап көрудеміз. Дегенмен, біздің оң нәтижеге қол жеткізетін мүмкіндіктеріміз болды. Бірақ мені қорқытатын бірнеше нәрселер бар. Ол көптеген ойыншылардың тоқмейілсіп, "болдым-толдым" дегендей ойнаулары. Кейбір жандарды "жерге" түсіріп, оларды виртуралды әлемнен алып шығуымыз керек. Олардың дұрыс шешім қабылдайтындықтарына үміт етем. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV