Александр Седнев: Міндетті түрде жеңуіміз керек еді

"Ақ-қызылдардың" бас бапкерінің "Ақтөбе" - "Арда" ойынынан кейінгі сұхбаты - 3:3.

- Бүгінгі қарсыластың деңгейін атап өтпеуге болмас. Болгарлық команда осыған дейін бізбен ойнаған қарсыластардың ешқайсысына ұқсамайды. Түрлі ойын схемалары мен әртүрлі ойын мәнерін қолданатын қарсыластар кездескеніне қуаныштымын. Әр ойында біз өзіміздің шама-шарқымызша қарсыласқа тойтарыс беруге тырысып жүрміз. 
Әрине, бүгінгі ойында жеңіске жете алмағанымыз өкінішті. Ойын біз үшін қиын басталды. 0:2 есебімен жеңіліп жатып, ойынға қайта оралғандай болдық. Еш асып-саспастан, дірілдеп-қалтырамастан өз ойынымзды ойнай бердік, ойын жүйемізді сақтай отыра есепте алға шықтық. Міндетті түрде жеңуіміз керек еді. Пенальтиге жеткізбеуге де болатын еді. Біздің соңғы шабуылымызда гол соғуымыз керек еді. Бірақ, бәрі керісінше болды, ысқырық шалынар алдында өзіміз гол соқтырдық. Дегенмен де, бұл ойыннан біз көп пайда алдық. Әзірге бар қауқарымыз осы. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV