Александр Седнев: Жиынымыз сәтті, сапалы өтті 

"Ақтөбенің" бас бапкері Түркияда өткен команданың екінші оқу-жаттығу жиынын қорытындылады. 

- Қайталап айтқым келмеген, дегенмен ойыншылардың өз жұмыстарына асқан жауапкершілікпен келіп, тиянақты жұмыс жасағандары мақтауға тұрарлық. Екінші жиын ауа-райының қолайлығы себепті қалыпты жағдайда өтті. Біздің жаттығуларымыз уақытында өтіп отырды, көбінесе жасыл алаңда жаттықтық. Тек мәскеулік "Спартакпен" өткен ойын жоспардан тыс болды, сол себепті аздаған өзгерістер болды. Жиын барысында біз функционалды дайындық пен модельдеуге аса мән бердік. Кездескен қарсыластарымыз лайықты командалардан болды. Әрқайсысымен әртүрлі дайындық жағдайында кездесіп отырдық - кейбірінің біріншіліктері бірер күннен соң басталар болса, біз тек дайындықтың бел ортасына енді келген жайымыз бар. Бір жағынан бұл бізге өз шама-шарқымызды айқын байқап көруге мүмкіндік тудырды. 
Ойыншыларға келер болсам. Ойыншыларды түрлі қырларынан сынап көрдік, оларды өздеріне таңсық позицияларға қойып, түрлі жағдайларда қалай қимылдайтындықтарын бақыладық. Клубтың төңірегінде болып жатқан жағдайлар бізге "тұп-тура жолмен" жүруге мүмкіндік бермей тұр. Бізге салынған трансферлік тыйым алынып қалар деген оймен бірнеше ойыншыны қарап көрдік. Бізде тек бірнеше ғана футболшы қаралымда болды. Бәрін жаппай қаралымға шақырта алмаймыз, себебі, шешім қалай болатынын білмейміз. Олай болмай шықса, басқаша әрекет жасауға дайын болуымыз керек. Сондықтан, бәрін жүйелі түрде ықшамдау қиынға соғып тұр. Дегенмен де, барлық ойыншылардың, бапкерлік штабтың, көмекшілердің, команданың дайындалуына ат салысқан барша жандардың арқасында жиынымыз сәтті, сапалы өтті деп айта аламын. Қазір "ектік", чемпионат барысында "жемісін жейміз" деп үміт етемін. Қалай болғанда да мен оптимистік көзқарастамын. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV