Александр Седнев: Шабуыл шебінде агрессиялы ойын жетіспей жатыр

"Ақ-қызылдардың" бас бапкері "Арсенал" (Тула) - "Ақтөбе" (2:1) матчына пікір білдірді. 
 
- Ойын жолдастық матчқа ұқсамады. Матчтың сапасы мен ойын мәнері чемпионат ойынына ұқсас болды. Қос команда ойын басында бір-біріне қарайлай ойнап, сақтық танытты. 
Біздің ойыншыларымыз бірсыдырғы бастады, дегенмен, футболшыларымыздың ойын жүйесін өзгертіп отырғандары маған ұнады. Жігіттер ойын құрылымын сақтай отыра қимылдауды жақсы меңгеріп келеді. Бірақ алғы шепте жақсырақ ойнасақ деймін. Шабуыл шебінде агрессиялы ойын жетіспей жатыр. Тәуекелге баратын жерлер болады, бірақ ойыншылар сақтық көрсетіп жатады. Бәлкім бұл менің де кінәм болар - мен өтпелі фазаларда сақ ойнау керектігін айтатынмын. Осы сақтық себебінен бәлкім, өз қақпамызға гол соқтырып алған да болармыз. 
Жігіттерге рақмет айтқым келеді. Бүгін біздің команда қарсыласқа қарағанда допқа көбірек иелік етті, ойын тізгіні де бізде болды. Өкінішке орай, оң нәтиже болмай тұр. Ойыншылар бұл кезеңді жақсы өткізіп, алға қойған мақсатқа талмай жүре береді деп үміт етемін. - Көкеев командаға кеше ғана қосылды, тек бір жаттығуға ғана қатыса алды, соған қарамастан матч соңында ойынға шықты...
 
- Медициналық штабтың тексерісінен соң Жамбылдың жағдайы бірқалыпты, ойынға дайын екендігі белгілі болып, біз оны ойын соңында алаңға шығардық. Уақыт жоғалтпауымыз керек. Мүмкіндік туып тұрғанда ойнатып алдық. Ол алдын-ала арнайы дайындықтан өтіп, ойынға сақадай-сай шықты. Ойыннан кейін де қалып, қосымша жаттығулар жасады. Қазір ең бастысы - оның жарақаттанған аяғы сыр бермесе болғаны. Біз жиынымыздың ақтық кезеңіне келіп жеттік. Ендігі ойындарымыз біз  үшін маңызды. Сол ойындарда чемпионаттың алғашқы турларын ескере ойнаймыз. 
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV