Александр Седнев: Өз-өзімізге деген сенім жетіспеді

«Ақ-қызылдардың» бапкерінің «Астана» - «Ақтөбе» матчынан кейінгі пікірі (4:1).

-Ең әуелі баршаңызды чемпионаттың басталуымен ал қарсыласты жеңіске жетуімен құттықтаймын. Ойын басында біздің есепте алға шығуымыз ойыншыларымыздың сәл есін шығарып жібергендей болды. Қарсылас бізді өз қақпамызға тықсырып тастады деп айта алмаймын. Біз өзіміз-ақ артқа шегініп кеттік. Қарсыласты алдыңғы жақтан күтіп, алғы шепте ойнаудан қорқу ойын басындағы көптеген қателіктерге себеп болды. Екі голды стандарттан соқтырып алдық, сөйтіп ойын мүлдем өзгеріп кетті. Екінші тайм басында ойынды өз қолымызға ала бастадық. Өкінішке орай, ойынды түзеп келе жатқанда, стратегиялық сәттерде, бірнеше позициялық шабуыл кезінде өзімізге деген сенім мен агрессиялы ойын жетіспеді. Біз соңына дейін ойыншыларды тіркеуге мүмкіндік беріледі деп сенген едік. Дегенмен, мен бүгін алаңға шыққан ойыншыларға алғыс айтамын. Олар қазіргі уақытта өз қал-қадірлерінше ойнады. Бұдан да жақсы ойын көрсетуге де болатын еді. Бірақ қарсыластың жеңісіне күмән келтірмеймін.


«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV