Антон Шурыгин: Жігіттер барын салып ойнады.

Ақтөбелік жартылай қорғаушының «Астанамен» өткен ойынға пікірі

-Біз бұл ойынға жақсы дайындалдық, сәтті өнер көрсеткіміз келді. Түрлі жарақаттар мен трансферлік банның себебінен бірнеше ойыншыларымыз алаңға шыға алмады. Алайда ойынға қатысқан жігіттер барын салып ойнады. Оның үстіне қандай жағдай болмасын бізді әрдайым қолдап жүретін жанкүйерлеріміз де болды. Сол үшін алғыс айтамын. Ойында кеткен қателіктен жақсы сабақ алып, әрі қарай дами береміз деп ойлаймын. Чемпионат енді басталып жатыр.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV