"Ақтөбе-Ж" мен "Ақтөбе-Жас" Тәжікстанда жаттығады
 
"Ақтөбе" жастар командасы мен "Ақтөбе-Жас" Бірінші лига командасы Тәжікстанда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Командалар Қайраққұмда жаттығады. ОЖЖ 15 наурызда басталып 1 сәуірге дейін жалғасады. 
 
Жиынға "Ақтөбе" футбол орталығының жас ойыншылары шақыртылады. Бірінші лига мен Екінші лига Чемпионатына дайындық аясында қос команда 5 жолдастық кездесуден өткізуді жоспарлап отыр. 
 

"Ақтөбе U21" командасының жаттығу процесін Валерий Алемаскин басқарады. "Ақтөбе-Жас" командасының бас бапкері Мұхтар Ерімбетов. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV