Владимир Фомичев - "Ақтөбе" ФК футбол орталығының техникалық директоры 


Владимир Александрович Фомичёв — кеңестік кезеңнің футболшысы, қорғаушы, бапкер. Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген бапкері, педагогика ғылымдарының кандидаты. 


Владимир Александрович бүгіннен бастап әріптестеріне ресми таныстырылды. Ол "Ақтөбе" ФК футбол орталығының балалары мен бапкерлеріне басшылық етеді. Қазақстан жастар құрамасы Қазақстан жастар құрамасы Фомичевтің басқаруымен 1998 жылы Тайландта өткен АФК чемпионатының жартылай финалына өтті, кейін 1999 жылы Нигерияда өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатына жолдама алды (ТМД елдері арасындағы жалғыз құрама). Бапкер екі рет Азияның үздік бапкері атағына ие болған (1998 және 1999). Ол құрамада кезінде Давид Лория, Александр Кучма, Андрей Травин, Игорь Солошенко, Айдар Күмісбеков, Евгений Тарасов сынды белгілі ойыншылар ойнады. Жастар құрамасымен жақсы жұмыс жасағаны үшін Фомичевқа Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген бапкері атағы берілді. 

Бапкерлік карьерасы: 

1991-1993 Батыр 
1994—Қазақстан (21) 
1996—1997 Ұлытау 
1998—1999 Қазақстан (21) 
1999—ЦСКА-Қайрат 
2000—Қазақстан м.а. 
2001—Маңғыстау 
2002—Жеңіс 
2002—2003 Қазақстан (21) 
2003—Екібастұз 
2004—2005 Оқжетпес 
2007—Насаф 
2008—2010 - Тараз 
2010—2012 Машъал 
2013—Восток 
2015—2017 Қызыл-Жар СК 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV