Ойынның бас төрешісі болып Александр Алиев тағайындалды 

15 наурыз күні Шымкент қаласының Қажымұқан атындағы стадионында "Ордабасы" мен "Ақтөбе" командалары арасындағы 2019 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионатының 2-тур ойынына 31 жастағы алматылық Александр Алиев бастаған төрешілер бригадасы төрелік етеді. 

Александр Хафизович Алиев 1987 жылдың 17 сәуірінде дүниеге келді. 2011 жылы кәсіби төреші карьерасын бастап, 2012 жылы Премьер-лига рефериі ретінде қызмет атқара бастады. Қазіргі уақытта Алиев ҚПЛ-да 46 ойында жұмыс жасаған. 

Александр өз карьерасында "Ақтөбенің" қатысуымен 9 ойында төрелік еткен. Соның ішінде "ақ-қызылдар" 4 рет жеңген, 3 рет жеңілген және 1 ойын тең аяқталған. Доп айырмасы 16-9 

Шымкенттік команданың ойындарына Алиев 9 рет қатысқан. Ол ойындарда "Ордабасы" 7 рет жеңген, 2 ойында жеңілген. Доп айырмасы 16-10. 

Қос команданың өзара кездесуіне 2 рет қызмет еткен. Екі ойын да Шымкентте өтіп, қос команда бір бірден жеңген. Доп айырмасы 3-4, ақтөбеліктердің үлесі басым. 

15 наурыз күні Қажымұқан атындағы Орталық стадионда Александр Алиевке екі ассистенті көмектеседі: Атыраулық 45 жастағы Анатолий Ходин және 37 жастағы Алексей Шабанов (Алматы). Қосалқы төреші - 26 жастағы шымкенттік Жандос Абжан. Матч инспекторы Николай Бублинский (Алматы). 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV