#ОрдабасыАқтөбе командалары арасындағы өзара кездесу тарихын назарларыңызға ұсынамыз! 

15 наурыз күні Қазақстан чемпионатының 2-турында "Ақтөбе" Шымкент қаласында жергілікті "Ордабасы" командасымен кездеседі. Ойын Ақтөбе уақыты бойынша 14:00-де басталады. 

ТУРНИРЛІК КЕСТЕДЕГІ ЖАҒДАЙЫ 
Қазақстан Чемпионатының 1-турынан кейін "Ақтөбе" турнирлік кестенің соңында келеді (ФИФА-ның шешімі бойынша 12 ұпай клубтан алынды), "Ордабасы" 3 ұпай жинап, 3-ші орында келеді. 

ҚАРСЫЛАСТАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ 
"Ордабасы" мен "Ақтөбе" өзара 50 ресми ойында кездескен - 46 ойын Қазақстан чемпионатында және 4 ойын Кубок ойынында. Бұл ойындарда "ақ-қызылдар" 27 рет жеңген, 9 рет жеңілген және 14 матч тең аяқталған. Доп айырмасы - 78-43, ақтөбеліктердің пайдасында. 

Чемпионаттағы 46 ойында 24 рет "Ақтөбе" жеңген, 9 - "Ордабасы" және 13 ойын тең аяқталды. Доп айырмасы: 69-41. 

СЫРТ АЛАҢДАҒЫ ОЙЫНДАР СТАТИСТИКАСЫ 
Шымкенттердің алаңында 23 ойын өткен, 9 ойында "Ақтөбе" жеңген, 8 рет "Ордабасы, 6 ойында тең нәтиже тіркелген. Доп айырмасы: 25-25, "Ақтөбе" басым. 

ОЙЫННЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ 
Ойын жұма, 15 наурыз күні Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді, ақтөбелік уақыт бойынша 14:00-де басталады. Синоптиктер ойын кезінде ауа температурасы 21 градустан жоғары болады деп болжауда. 

ТЕЛЕТРАНСЛЯЦИЯ 
"Ордабасы" мен "Ақтөбе арасындағы ойында 15 наурыз күні Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының PFLK TV арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. Трансляция Ақтөбе уақытымен 13:50-де басталады. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV