Тек сандар

"Ордабасы" мен "Ақтөбе" арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-тур ойыны қарсаңында статистикалық мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз. 

- "Ақтөбе" Қазақстан чемпионаты аясында сырт алаңда "Ордабасымен" алғаш рет 2001жылдың 31 шілдесінде жолыққан, ол ойында ақтөбеліктер 2:1 есебімен жеңген, "Ордабасы" сапында Сейітжан Байбосынов гол соқса, қонақтар сапында Александр Скляров пен Бақыт Қызылбаев қанжығаларын майлаған. 

- "Ақтөбе" мен "Ордабасы" Қазақстан чемпионаттарында 46 ойында кездескен, соның ішінде 23 ойын шымкенттіктердің алаңында өткен. 

- Бұл ойындарда төрешілер 24 рет "Ақтөбенің" жеңісін тіркеген, 9 ойында "Ордабасы" жеңіске жеткен, 13 тең ойын тіркелген. 

- Ақтөбеліктер 69 доп соғып, 41 гол жіберген. 

- 1:0 - бұл қос команда арасындағы ойындарда ең көп тіркелген есеп, 10 рет. 

- 6 матч бойы "Ордабасы" өз алаңында "Ақтөбеден" жеңілмей келе жатыр. 

- 4:1 - "Ақтөбенің" сырт алаңдағы ең ірі жеңісі осындай есеппен аяқталған. Ойын 2008 жылдың 28 тамызында өтті. "Ақ-қызылдар" сапында Константин Головской, Александр Митрофанов пен дубль жасаған Марат Хайруллин гол авторлары. 

- Қос команда арасындағы кездесулерде ең нәтижелі болған ойыншылар: 6 гол - Марат Хайруллин, 4 гол - Константин Головской. 

- "Ақтөбе" "Ордабасыдан" соңғы рет сырт алаңда 2018 жылдың 7 сәуірінде жеңілді, ойын 3:1 есебімен аяқталды. 

- 2015 жылдың 29 мамырында "Ақтөбе" сырт алаңда "Ордабасыны" соңғы рет тізе бүктірді. Ойын 1:0 есебімен аяқталды, гол авторы Дидар Жалмұқан. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV