Александр Седнев: Футболда ұсақ-түйек деген болмайды. 

"Ақтөбе" ФК бас бапкерінің ҚПЛ-2019 2-ші туры аясында өткен "Ордабасы" мен "Ақтөбе" (1:0) арасында өткен ойыннан кейінгі сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.- Сөзімді қарсыласты жеңіспен құттықтаудан бастайын. Қандай жағдай болмасын, біздің команда жеңілетіндей нашар ойнамады. Менің ойымша, ойынның ең маңызды жері екінші таймның екінші жартысында болды. Ойын соңында қарсылас тәуекелге бармай ойнады. Әсіресе шабуыл шебінде баяу қимылдады. Ойын қарабайыр футболға айналып кетті. Сол кезде біз жағдайды дұрыс бағамдап үлгермедік. Біз шабуылда белсенді, қорғаныста сенімді ойнағымыз келді. Бірақ мүлдем керек емес гол жіберіп қойдық... Стандарттың әсері болды. Өкінішке орай, біз әлі стандартқа қауқар көрсетерліктей ойынымызды таба алмай жатырмыз. Ойыншылар осындай ұсақ-түйекке бей-жай қарамаса екен деймін. Себебі футболда ұсақ-түйек деген болмайды. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV