Кахабер Цхададзе: "Ақтөбенің" өз қиындығы бар. Бұған жас футболшылардың кінәсі жоқ 

"Ордабасы" ФК бас бапкерінің ҚПЛ-2019 2-ші туры аясында өткен "Ордабасы" мен "Ақтөбе" (1:0) арасында өткен ойыннан кейінгі сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. 

- Ойын қиын болды, бірақ біз жеңіске лайықты болдық. Біз ойынның осылай өрбірін күткен де едік. Футболшылар жұмыстарын жақсы жасай білді. Ең басты керектісін мен ойын соңында айтқан едім. Матчтың аяқталуына қанша уақыт қалғандығына қарамастан, өз ойыныңды ойнай беру керектігін, қарсыласты тықсыру керектігін мен жеткізген едім. Өз дегенімізге жеттік. Әрине, "Ақтөбенің" өз мәселесі бар. Бәріңіз білесіздер. Бұған футболшылардың кінәсі жоқ. Жас ойыншылар алаңда өздерін жақсы көрсете білді. Беріліп ойнағандары көрініп тұр. Жақсы қорғана білді. Біз осыны күткен едік. Біздің футболшыларымыздың босаңсып қалмағаны жақсы болды. Керісінше, жинақы ойнай бастады. Қайталап айтайын, біз бүгін лайықты түрде жеңіске жеттік. Бірақ көптеген мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Бастысы, жеңіске жете алдық. Жігіттерді құттықтаймын. Тек бір ғана гол соққанымызға қарамастан, жақсы ойындары үшін, жақсы жұмыстары үшін оларға алғыс айтамын. Біз жақсы футбол көрдік, қос команда ойыншылары да барынша тырысты. Қазіргі бізде емделіп алатын уақыт пайда болды. Өкінішке орай, бүгін Жоао ойнай алмады. Жарақаты бар, сол себепті тәуекелге бармадық. Оның жоқтығы білінді. Шабуыл шебінде жылдамдық жетіспегенін көрдіңіздер. Оның жеке бас шеберлігі, жылдамдығы жетіспеді. Біз схемамызды 3-5-2-ге ауыстырдық. Тағы да жеңіспен құттықтаймын. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV