Рудныйдан күміс медальмен оралдық

Наурыз айының 21 мен 24 аралығында Рудный қаласында 2006-2007 жылы туған балалар командалары арасында өткен шағын-футболдан Қазақстан Жарысында "Ақтөбе" шағын-футбол командасы екінші орын алды. 

Финалда жергілікті "Аятпен" кездескен ақтөбеліктер 1:2 есебімен жол беріп, күміс медальға ие болды. 

В тобында "Ақтөбеден" бөлек "Аят-2", "Мақат (Атырау) және "Қайрат" (Алматы) командалары өнер көрсетті. 

В тобында өткен ойындар:
"Ақтөбе" - "Мақат" 4:1
"Ақтөбе" - "Аят-2" 3:0
"Ақтөбе" - "Қайрат" 3:1

1-2 орын үшін өткен ойын
"Ақтөбе" - "Аят-2" 1:2

Ақтөбелік команданы айтулы жетістіктерімен құттықтаймыз!

Бапкерлік штаб: Унбаев Серік, Орынтаев Қуаныш. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV