Құрметті отандастар, қымбатты жанкүйерлер! 

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Табиғат жаңарып, ел-жұрттың жан-дүниесі жаңғыратын көктем мерекесі өзімен бірге қуаныш пен шаттығын ала келсін деп тілейміз! 

Ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын! Жанкүйерлеріміздің ынтымағы мен бірлігі, командамыздың жарқын жеңістері арта түссін! 

Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен ынтымақ, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 

Ізгі тілекпен: «Ақтөбе» ФК.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV