Ақтөбе Қостанай қаласына жетті
 
"Ақ-қызылдар" бүгін елорда уақытымен 13:00-де Қостанай қаласына келіп жетті. Келген бетте команда бірден жаттығу процесіне кірісіп кетті. Ертең ойын алдындағы жаттығу өтеді. 
 
Премьер-лиганың "Ақтөбе" - "Қайрат" арасындағы 3-тур матчы 31 наурыз күні "Тобыл-Арена" футбол манежінде өтеді. Кіру тегін. Матч Астана уақыты бойынша 14:00-де басталады.
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз-қызметі.
 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV