Антон Шурыгин: Біз жырақта ойнасақ та керемет қолдауды көрдік

"Ақтөбе" жартылай қорғаушысы "Қайратпен" өткен ойынды қорытындылады. 
 
- Бірінші таймда көптеген қателіктер жасап, қарсыласқа өз мүмкіндіктерін оң пайдалануға жағдай жасап қойдық. Екінші таймда тәуірлеу ойнадық. Өкінішке орай, тек бір ғана гол соға алдық. Екінші голды бірден соққанымызда ойын басқаша өрбір еді. Жанкүйерлерімізді,  әсіресе Ақтөбеден Қостанайға арнайы келген жанкүйерлерімізді қуанта алмағынымыз өкінішті. Бізді қолдаған жандарға команда атынан рахметімді айтамын. Біз жырақта ойнасақ та керемет қолдауды көрдік. Бізге тек талмай еңбектенуден басқа жол жоқ. 
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV