Алексей Шпилевский: Бірінші таймды жақсы өткізгеніміз себепті бүгін жеңіске жеттік.

"Қайрат" футбол клубының бас бапкері Алексей Шпилевсийдің "Ақтөбемен" өткен ойыннан кейінгі баспасөз-мәслихатындағы сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
 
- Бірінші таймды жақсы өткізгеніміз себепті бүгін жеңіске жеттік. Екінші таймда қиналып қалдық. Себебі ойынның алғашқы бөлігінде болған бір жүйелік болмады. Сол себепті қарсыласқа бірнеше мүмкіндік беріп қойдық. Соған қарамастан, біздің де гол соғатын 3-4 жақсы сәттеріміз болды. Екінші таймға көңілім толмайды. Ойыншыларыма алғыс айтамын. Біз екі апта бойы дайындалдық. Ұлттық құраманың ойындарына байланысты ұзақ үзіліс болды. Команданың өсіп келе жатқанын айтқым келеді. Қуантарлық жағдай. Көптен күткен ойын еді. Жақсы ойнадық. Бізді қолдаған жанкүйерлерге де алғысымды білдіремін. Әріптесім Александр Седневке бар жақсылықты тілеймін. Оның командасына әрі қарай сәттілік тілеймін. 
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV