Александр Седнев: Шабуыл шебінде шеберлік жетіспеді.

"Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері Александр Седневтың "Қайратпен" өткен ойыннан кейінгі баспасөз-мәслихатындағы сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.- Өкінішке орай, бірінші тайм дұрыс болмады. Қарсыласқа басымдық беріп қойдық. Біраз қателік жібердік. Маған қазір оны түсіндіріп беру қиын, оларды түзету одан да қиын. Бірінші таймда қорқып ойнадық, баяу қимылдадық. Қателік жасамағанда ойын басқаша болар ма еді. Ойын тізгіні қарсыласта болды. Екінші таймда жақсырақ ойнадық. Позициялық шабуылдарымыз да болды. Допты да жақсы ұстадық, гол соқтық. Бірақ шабуыл шебінде шеберлік жетіспеді. Екінші голдық соққанымызда әлдеқайда жеңіл болар ма еді деген ой да қылаң берген. Қарсылас ойынды тежеп отырды. Соған қарамастан, олардың қорғанысында да ақаулар болды. Кез-келген сәтті ұтымды пайдаланып, ойын тағдырын шешіп кетуге болатын еді, өкінішке орай, ондай мүмкіндік бізде болмады. 
 
- Голды тез жіберіп алғаныңыз ойынға құрған жоспарыңызды өзгертті ме?
 
- Айтарым, бізде ойыншылар саны шектеулі. Мысалға, бізде қосалқы құрамда таза орталық қорғаушы жоқ. Оған қоса біз үш орталық қорғаушымен ойнаймыз. Соғылған кез-келген гол ойынды өзгертетіні анық. Ойын есебін ұстап тұра алатын команда мықтылардан саналады. Біз де бұл ойынға дайындалдық, қарсыластың әлсіз және мықты тұстарын сараладық. Бүгін қарсыластың жасаған үш соққысы үш голға айналды. Бірінші голды алаңда он ойыншымен қалған кезде жіберіп алдық. Орталық қорғаушы шығып кеткенде біз ол жерге тіреуіш жартылай қорғаушыны түсіргенімізбен гол жіберіп қойдық. Бірден алғы шепке лап қойып, есепті теңестіру керек. Бірақ біз қазір бірден есепті теңестіруге асығуға дайын емеспіз. Сабырға келу керек-тін. Алаңдағы ахуалға байланысты қимылдауымыз керек еді. Ойын басындағы баяу қимылымыз кері нәтижеге өте әсер етті. Футболшылар әрбір сәтте бір-біріне сеніп қалатын сияқты, әрбір эпизодта маған көмектес деп тұратындай. Ойыншыларда көшбасшылық сипат аздау. Бәрін өз қолдарына ала білетін ойыншылар бізге жетіспейді. 
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV