#ТобылАқтөбе командалары арасындағы өзара кездесу тарихын назарларыңызға ұсынамыз

6 сәуір күні Қазақстан Чемпионатының 4-турында «Ақтөбе» «Тобыл-Арена» стадионында Қостанай қаласының «Тобыл» командасымен кездеседі. Ойын Ақтөбе уақыты бойынша 14:00-де басталады.

ТУРНИРДЕГІ ОРЫНДАРЫ

Қазақстан Чемпионатының 3-турынан соң «Ақтөбе» соңғы орында келе жатыр (ФИФА-ның шешімі бойынша клубтан 12 ұпай алынып тасталды), «Тобыл» 9 ұпай жинап, 2-орында тұр.

ҚАРСЫЛАСТАРДЫҢ ӨЗАРА КЕЗДЕСУЛЕРІ
Бұрын өткен 61 ресми кездесуде (53 ойын Чемпионатта, 7 матч Қазақстан Кубогында және 1 ойын Қазақстан Суперкубогында) «Ақтөбе» 28 рет жеңген, 18 жеңіс «Тобылдың» еншісінде, 15 ойын тең аяқталды. Доп айырмасы – 82-60, «ақ-қызылдардың» үлесі басым.

Чемпионат барысында қос команда 53 ойында жолыққан. 23 рет «Ақтөбе» жеңсе, 17 рет «Тобыл» жеңген, 13 тең ойын. Доп айырмасы – 67-52.

СЫРТ АЛАҢДАҒЫ ОЙЫНДАРДЫҢ СТАТИСТИКАСЫ
Қостанайлықтардың алаңында 25 ойын өтті. 7 рет «Ақтөбе» басым түскен, 11 рет «Тобылдың» мерейі үстем болған, 7 матчта жеңімпаз анықталмады. Доп айырмасы – 25-28, «Тобылдың» пайдасында.

КЕЗДЕСУДІҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

Ойын 6 сәуір, сенбі күні Қостанайдың «Тобыл-Арена» стадионында өтеді, Ақтөбе уақыты бойынша 14:00-де басталады. Синоптиктер ойын уақытында ауа-райы 6 градус жылы, бұлтты болады деп болжауда.

ТЕЛЕТРАНСЛЯЦИЯ

«Тобыл» - «Ақтөбе» матчының тікелей көрсетілімін 6 сәуір күні Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының «PFLK TV» ресми арнасынан көре аласыздар. Трансляцияның басталу уақыты 13.50 (АҚТ)

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV