Тек сандар. «Тобыл» мен «Ақтөбе» командалары арасында өтетін Қазақстан Чемпионатының 4-тур ойыны қарсаңында статистикалық мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.

«Ақтөбе» мен «Тобыл» арасындағы Қазақстан Чемпионатындағы алғашқы ойын 1992 жылдың 1 маусымында өткен, ол ойын 1:1 есебімен тең аяқталған. Ақтөбеліктер сапында 85-минутта гол соққан Юрий Иванов.

«Ақтөбе» мен «Тобыл» Қазақстан Чемпионаттарында 53 ойында кездескен.

Бұл кездесулерде төрешілер «Ақтөбенің» 23 жеңісін тіркеген, 17 жеңіс «Тобылдың» еншісінде, 17 тең есеп.

Ақтөбеліктер 67 доп соғып, 52 гол жіберген.

1:0 – жиі кездескен есеп, 15 ойын осылай аяқталған.

5:2 – 2009 жылдың 29 қазанында Ақтөбеде өткен ойында «Ақтөбе» «Тобылды» дәл осындай ірі есеппен жеңген.

«Тобыл» ең соңғы рет «Ақтөбені» 2013 жылдың 14 шілдесінде жеңген екен – 1:0.

Қос команда арасындағы ойындардағы ең нәтижелі ойыншылар: 6 доп – Маркос Пиззелли, 4 доп Дмитрий Юрист, Самат Смақов және Марат Хайруллин, 3 доп - Мұрат Тілешев.

Соңғы рет «Ақтөбе» «Тобылды» сырт алаңда 2018 жылдың 23 маусымы күні жеңген. Есеп 2:3, ақтөбеліктердің сапында хет-трик жасаған Маркос Пиззелли, 42, 60 және 82 минуттар.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV