Александр Седнев: Жанкүйерлердің ойын соңында бізге шапалақ ұруы -  біз үшін үлкен сый

"Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері Александр Седневтың "Тобылмен" (2:1) өткен ойыннан кейінгі баспасөз-мәслихатындағы сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
 
- Қарсыласты жеңістерімен құттықтаймын. Тартысқа толы ойын ешбір қарсыласқа босаңсуға жол бермеді. Матч басында жабық ойынды көрсек, уақыт өте келе қос команда да ашылып ойнай бастады. Біз кездесу басында сақ қимылдадық - алдыңғы ойындарда тез гол соқтырып алғанымызды ескерсек керек. Өз қателіктеріміз себепті гол жіберіп қоюымыз себепті ойын өрнегін тез арада өзгертуге тура келді. Бүгін матч басынан салмақты, байыпты ойын көрсеттік. Қарсыластың алғы шептегі белсенді шабуылдарын тұсап ұстап тұра алдық. Дегенмен, өзіміз шабуылда жөнді шапшаң қимыл көрсете алмадық. Біздің ойыншыларымыз бізге қарсыластың өзі ұсынған бос кеңістік пен еркіндікке үрке қарағандай әсер қалдырды. Біз алаң иелерінің қақпасына бірнеше рет қауіп төндірерлік шабуылдар ұйымдастырдық. Бірақ шабуылдың соңғы шебіне бара бергенде, өзара пас алмасып, өзімізді өзіміз тежеп отырдық. Сосын пенальти болды. Доп жіберіп алған соң ойынымыз да өзгерді. Гол соғатын бірер мүмкіндіктеріміз де болды. Пенальтиден соң қақпа бағанын жасалған соққыдан басқа қарсыласқа лайықты қарсылық танытып, барлық шабуылдарын дер кезінде тұншықтырып отырдық. Одан кейін допқа иелік етіп, басымдықты қолға алған кезімізде жүйелі шабуыл жасай алмадық. Дегенмен де, мен футболшыларыма алғыс айтқым келеді. Соңғы минутқа дейін беріліп ойнағандары үшін рақмет айтамын. Оларға қазір өте қиын. Көбісінің дәл осындай жоғары деңгейге алғаш рет шығып отырған жайы бар. Оларға алдын жоғарғы лига тек арман болатын. Алайда олар өздерін жақсы қырынан көрсету үшін алаңда барын салып тырысып бағуда. Жігіттер қал-қадірлерінше-ақ ойнап жатыр. Болашақта осы ойыншылар клубтың көсегесін көгертеді деген үміттемін. Біз әрбір ойынға кәсіби тұрғыдан қарап, қолымыздан келгенше тек сауатты ойын көрсетуге тырысамыз. Мен сонымен қатар біздің жанкүйерлерге де алғыс білдіргім келеді. Олардың ойын соңында бізге шапалақ ұруы біз үшін үлкен сый. 
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 
 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV