Владимир Газзаев: "Ақтөбеге" бүйрегім бұрып тұратыны рас

"Тобыл" футбол клубының бас бапкері Владимир Газзаевтың "Ақтөбемен" (2:1) өткен ойыннан кейінгі баспасөз-мәслихатындағы сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. - Бұл жеңіс біз үшін өте маңызды еді. Шиеленіске толы ойын болды. Матч басынан жақсы ойын көрсеткен "Ақтөбе" ойыншыларын да атап өту керек. Әйтсе де, алғашқы он минутта бірсыдырғы ойын болды. Кейін ойын тізгінін өз қолымызға алдық. Біршама позициялық шабуыл ұйымдастырдық. Голдық сәттеріміз аз болмады. Ірі есеппен жеңуге де болар еді. Ойын соңында өзімізге өзіміз қиындық тудырып алдық, жүйке тоздырарлық сәт болды. Дегенмен ойыншыларыма ризамын. Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын. Үш ұпай біз үшін өте маңызды еді. "Ақтөбеге" қалған ойындарда сәттілік тілеймін. Барлық мәселелерін шешіп алуларына тілектеспін. Өзім кезінде қызмет еткен "Ақтөбеге" бүйрегім бұрып тұратыны рас. "Ақтөбе" ҚПЛ-да бірнеше жыл бойы өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған командалардың бірі. 
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV