Алғашқы ойында алғашқы голын соқты 

"Ақтөбенің" 20 жасар түлегі Премьер-лигадағы алғашқы дебюттік ойынында гол салды. 

"Ақ-қызылдардың" жартылай қорғаушысы Есен Жасанов "Тобыл" - "Ақтөбе" (2:1) матчының екінші таймында алаңға шығып, Қазақстан чемпионатының жоғарғы дивизионында дебют жасап, 89-минутта гол соғып көзге түсті. Есен белсенді қимылымен алаң иелерінің қақпашысы Эмиль Балаевты қателесуге мәжбүрлеп гол соғып кетті. Бұл жас ойыншының Премьер-лигадағы алғашқы голы. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV