Милан Радин: Бізге өз жанкүйерлеріміз жетіспей жүр 

"Ақ-қызылдардың" жартылай қорғаушысы "Тобыл" - "Ақтөбе" (2:1) матчына пікір білдірді. 

- Бүгін биылғы маусымда біз ойнаған матчтардың ішіндегі әзірге ең үздік ойын болды деп санаймын. Иә, әлі де кемшін тұстарымыз көп. Әзірге толықтай түсінісіп кете алмай жүрген жас ойыншыларымыз бар. Оған қоса, бізге біздің жанкүйерлеріміз де жетіспей жүр. "Қайратпен" өткен ойын, "Ертіспен" Кубок аясында өтетін ойынды біз Ақтөбеден тыс жерде ойнауға мәжбүрміз. Бұның да әсері бар. Ақтөбенің Орталық стадиондағы атмосферасы мүлде басқа нәрсе. Бұл жағдайдан шығу үшін еңбектене бермекпіз. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV