Мұхтар Ерімбетов: Әрі қарай дами беруіміз керек. 

"Ақтөбе-Жас" командасының бас бапкері "Қайрат-Жастармен" өткен ойын жайлы сұхбат берді. 

- Бүгін алаңға шыққан ойыншылардың ішінде Бірінші лигада алғаш ойнап жатқандары да бар еді. Кейбірі қобалжып, жаңа деңгейге енді бой үйретіп жатқан жайы бар. Құрамда өзгерістер болды, себебі бірнеше ойыншы басты командаға ауысып, олардың орындарына жаңа ойыншылар қарап көрдік. Әрине, біздің басты мақсатымыз - басты командаға лайықты ойыншылар дайындау. Екінші голды жіберіп қойған соң басылып қалмай, ойынымызды түзетуге тырыстық, бір гол соға алдық. Қорғаныстағы қателіктер себепті үшінші-төртінші голдарды соқтырып қойдық. Шабуыл шебінде де бұрыс шешім қабылдап жаттық. 
Жігіттерді кінәлай алмаймын, олар барын салып ойнады. Қателіктерден сабақ шығарып, әрі қарай дами беруіміз керек. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV