Рустам Сахибов: Алғашқы минутта жылдам гол жіберіп қойғанымыз әсер етті 

"Ақтөбе-Жас" жартылай қорғаушысы "Қайрат-Жастар" - "Ақтөбе-Жас" ойынына пікір білдірді. 

- Біріншіден, бізге қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс білдіремін. Бірақ оларды оң нәтижемен қуанта алмадық. Ірі есеппен жеңілгеніміз өте өкінішті. Біз бұндай есеппен жеңілуге лайықты болмадық - Ақтөбе мен Тәжікстанда жақсы оқу-жаттығу жиындары өтті. Әрине, ойынның алғашқы минуттарында тез гол жіберіп қойғанымыз да әсер етті. Бәлкім, осы да кері әсер еткен болуы керек. Гол соғатын сәттерімізді пайдаланбадық. Кемінде 3-4 гол соғуға болар еді. Қиын болды - алғашқы ойын болғасын да шығар. Әрі қарай ойынымызды жақсартып, жеңіске жету үшін барымызды саламыз. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV