Мейірлан Қайырмағанбетов: Екі таймның басында да мұқияттылық жетіспеді 
 
«Ақтөбе-Жас» қақпашысы футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Жарысының «Қайрат-Жастар» - «Ақтөбе-Жас» 1-тур матчына пікір білдірді. 
 
-Ойын біз ойлағандай болмады. Алғашқы минуттарда тез гол жіберіп алдық. Есепті теңестіру үшін бірқатар шабуылдар жасап көргенбіз, бірақ бірінші таймда гол соға алмадық. Екінші таймға жаңа тапсырма алып шықтық. Тағы да сол мұқияттылық жетіспей тайм бастала гол соқтырдық. Кемінде 4 гол соғатын мүмкіндігіміз болды, алайда соққыларымыз дарымай жатты, кей жағдайда алаң иелерінің қақпашысы сенімді ойнап жатты. Бүгін біздің ойынға келіп, бізге қолдау білдірген барлық жанкүйерлерге алғысым шексіз. Ойын нәтижесі үшін кешірім сұраймын. 
 
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.
 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV