"Ақтөбе" Орталық стадионда ойнамайды
 
Өкінішке орай, алдын Ақтөбенің Орталық стадионында өтіледі деген "Ақтөбе" мен "Атырау" арасындағы Қазақстан Премьер-лигасының 5-тур ойыны басқа алаңда өтетін болды. 
 
Орталық стадион ҚКФЛ-ның комиссиясынан өтіп, ойын өткізуге рұқсат алған еді, алайда стадион басшылығы шөп тамырының әлі де әлсіз екендігін алға тартып, ойын өткізуге тыйым салды. Стадион агрономының айтуынша, егер 14 сәуір күні матч өтер болса "Ақтөбенің" маусым соңындағы ойындарында алаң жарамсыз болып қалады екен. 
 
Біз "Ақтөбе" ФК барлық жанкүйерлерінен кешірім сұраймыз. Бірақ бұл шешімді өзгерту біздің қолымыздан келмейді, себебі Орталық стадион клубтың иелігіне кірмейді. 
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV