Александр Седнев: Теңестіре алдық, бірақ жеңе алмадық. 

"Ақтөбе" ФК бас бапкері Александр Седнев "Ақтөбе" мен "Ертіс" (3:3, пен: 1:3) арасында өткен Қазақстан Кубогының 1/8 финал ойынына пікір білдірді. 

- Ойын нағыз кубок ойынына лайық, шиеленіске толы болды. Біз матч бойы есепті теңестірумен болдық. Теңестіре алдық, бірақ жеңе алмадық. Қандай жағдайда тұрғанымызға қарамастан жандарын салып ойнаған футболшыларға алғыс айтамын. Біз ойын тағдырын негізгі уақытта шешіп кете алар едік. Пенальти бұл лотерея, лотереяда жеңілдік.

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV