Димитар Димитров: "Ақтөбенің" ойыны маған ұнады

"Ертіс" ФК бас бапкері Димитар Димитров "Ақтөбе" мен "Ертіс" (3:3, пен: 1:3) арасында өткен Қазақстан Кубогының 1/8 финал ойынына пікір білдірді. - Ойын жанкүйерлерге ұнады ғой деймін. Сұмдық ойын болды. Мүмкіндіктер көп болды. Қос команда да көп қателесті. Жалпы алғанда тең ойын көрдік. Бүгін екі команда да жеңіске лайықты өнер көрсетті. "Ақтөбенің" жоғары деңгейлі ойынын көрдім. Маған бұл команда ұнады. Жақсы қимылдайды, динамикасы бар, комбинациялы футбол ойнайды. Біздің де жақсы мүмкіндіктеріміз болып еді, бірақ негізгі уақытта шешілмеді. Бүгін жіберген қателіктерге көңілім толмайды. Бізде қорғаныста бұрын-соңды бұндай қателіктер болмап еді. Сараптай жатамыз, қателіктерден сабақ аламыз. 
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV