Милан Радин: Бұл жеңісті тезірек ұмытып, келесі ойынға дайындалуымыз керек 

"Ақ-қызылдардың" жартылай қорғаушысы "Ақтөбе" - "Атырау" (2:0) матчына пікір білдірді. 

- 3-ші минутта жылдам гол соғып алғанымызға қуаныштымыз. Есеп 2:0 болған кезде жеңілірек болды. Содан кейін "Атырау" ойыншысына қызыл қағаз көрсетілген кезде бүгін жеңетінімізді түсіндім. Ақтөбеден арнайы келіп, бүгін бізге қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Олар аса көп болмаса да біз олардың дауыстарын айқын естіп тұрдық. Олар біздің 12-ші ойыншымыз. Бірақ біз бұл жеңісті тезірек ұмытып, келесі ойынға дайындалуымыз керек. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV