Александр Седнев: Алғашқы жеңіс әрдайым қиынға соғады 

"Ақтөбе" футбол клубының бас бапкерінің "Атыраумен" (2:0) өткен ойыннан кейінгі баспасөз-мәслихатындағы сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. 

- Футболшыларымызды, клубтың барлық жұмысшыларын, барлық жанкүйерлерімізді құттықтағым келеді. Алғашқы жеңіс - әрдайым қиынға соғады. Біз бұған ұзақ уақыт жүріп келдік. Футболшылардың бүгін өздеріне сенімді ойнағандары үшін оларға алғыс айтамын. Бұл ойын алдағы жеңістерді бастауы болса екен деп тілеймін. Кубок ойынындағы 120 минут ойыннан соң, араға 3 күн салып қайта алаңға шығып отырмыз. Біраз күшімізді сарқыған "Ертіспен" өткен ойыннан соң футболшыларымыз болдырып қала ма деп қорыққан едім. Ауыстыра қоятын ойыншыларымыз да көп емес. Ойынның басында соғылған гол ойын көркін қыздыра түсті. Бірінші таймда көп тәртіп бұзып, қарсыласқа өз мәнерінде ойнауға жағдай жасап беріп отырдық. Құдайға шүкір, ол қысымға да төтеп бере алдық. Екінші таймда есепті еселейтін сәттеріміз көп болды. Мен футболшылардың өздеріне берілген мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмаса, келесіде ондай сәттер болмауы да мүмкін екендігін ескерткім келеді. Тағы да бүгінгі жеңіспен құттықтаймын. Енді біз үйге қайтамыз. Алты күннен соң келесі ойын өтеді. Жарақаттарымызды емдеп алуымыз керек. Осы үш ойын арасында болған қателіктерімізден сабақ шығаруымыз қажет. Сырт алаңда өзімізге етене таныс қарсыласпен өтетін матчта жақсы ойын көрсетеміз деген үміттемін. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV