Виктор Кумыков: Тез соғылған гол мен стандарт жағдайындағы қателік кесірінен жеңілдік 

"Атырау" футбол клубы бас бапкерінің "Ақтөбемен" (0:2) өткен ойыннан кейінгі баспасөз-мәслихатындағы сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. - Ойын біз үшін сәтсіз басталды. Біз бірінші голды тез жіберіп қойдық. Ойынға түзету енгізуге тура келді. Тез соғылған гол мен стандартты жағдайдағы қателік бүгінгі жеңіліске әкеліп отыр. Оған қоса ойыншымыздың алаңнан қуылуы да жығылғанға жұдырық болды. Жағдайды өзгертуге тырысып көргенбіз, бірақ, өкінішке орай, шешуші эпизодтарда жолымыз болмады.

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV