"Ақ-қызылдар" ойын алдындағы жаттығуларын өткізді

Жұма күні таңертең "Ақтөбе" футбол клубы Павлодар қаласына келіп жетіп, кешке таман Орталық стадионда ойын алдындағы жаттығуларына кірісіп кетті. Ертең, 20 сәуір күні осы жерде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 6-туры аясында жергілікті "Ertis" пен "Ақтөбе" командасы кездеседі. Ойын Павлодар уақыт бойынша 17:00-де басталады. (16:00 АҚТ).Жаттығу процесі алаңды бойлай жүгіруден басталды. Жүгіру мен бірнеше бой жазу жаттығуларынан соң ақтөбелік ұжым жылдам пас беруге машықтанды. Кейін "ақ-қызылдар" допқа иелік ету мен қысым жасау әдісін қайталап өтті. Александр Седнев шәкірттері жаттығуды алаңның жартысында бірнеше шағын матч өткізумен аяқтадыЖаттығу жұмыстарына сары қағаздары жиналып ойынға келе алмаған Әділхан Таңжарықовтан басқа барлық ойыншылар қатысты. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV