Бағдат Қайыров: Біз өз мүмкіндігімізді пайдалана алдық

"Ақтөбе" қорғаушысы Бағдат Қайыров "Ertis" командасымен өткен ойынды қорытындылады - 0:1.

- Ойын барысында екі командада да жақсы мүмкіндіктер болды. Біз өз мүмкіндігімізді пайдалана алдық. Екінші голды салып алғанда әлдеқайда жеңіл болар ма еді, бірақ ең бастысы - үш ұпай алдық. Команданы, барша жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын. Келесі ойынға дайындықты осы бастан бастап кетеміз. Барша ақтөбелік жанкүйерлерді Қобыланды батыр стадионына келесі ойынға шақырамын. Бізге сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV