Александр Седнев: Менің футболшыларым жанкештілікпен ойнады 

"Ақтөбе" футбол клубы бас бапкерінің "Ertis" командасымен (0:1) өткен ойыннан кейінгі баспасөз-мәслихатындағы сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. - Ойыншыларыма аянбай тер төккендері үшін тағы да алғыс айтқым келеді. Әзірге ойын сапасы нашарлау. Бүгінгі ойында қос команда да жоғары деңгейдегі футбол көрсетті деп айта алмаймын. Допқа талас көп болды. Біз бір мүмкіндігімізді пайдаландық, өкінішке орай, екінші бір жүз пайыздық сәтте мүлт кеттік. Сол гол соғылғанда, аптығымызды баса тұратын едік. Екінші таймда қарсылас қысым көрсетті. Әуеден көтерген пастары жиіледі. Біз тырысып-ақ бақтық. Бір ойын эпизодында жолымыз болды. Қақпашымыз да тәуір тұра алды. Бізге бұндай тәртіптемеде ойнау қиындау. Әсіресе жастау ойыншыларымызға оңай болмай тұр. Бұның орнын әзірге ерік-жігермен, жанкештілікпен толтырып келе жатырмыз деуге болады. Апталық циклде біз функционалдық жағдайымызды қалыпқа келтіріп аламыз деп үміттенем. Мен өз үйімізбен, туған стадионымыз бен өз жанкүйерлерімізбен жақын арада қауышатыныма қуаныштымын. Біз бұны тағатсыздана күтеміз. Менің ойымша, қарсылас жеңіліске лайықты болмады, тең ойын еді. Бірақ біздің де жолымыз болуы керек қой. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV