Димитар Димитров: Жеңіліске лайықты емес едік 

"Ertis" футбол клубы бас бапкерінің "Ақтөбе" командасымен (0:1) өткен ойыннан кейінгі баспасөз-мәслихатындағы сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. 

- Біз бүгін жеңілмеуіміз керек еді. Ойын тең болды. Қарсылас гол соғылған сәттен басқа бір де бір рет біздің айып алаңымызда қауіпті шабуыл жасай алмады. Біздің қақпашымен бірге бір шыққан эпизодта мен сызық бойлай тұрған едім, Кәкімов жүз пайыздық оффсайдта болды. Екінші таймда тезірек қимылдадық. Агрессиямен ойнадық. Бізде бірнеше жүз пайыздық мүмкіндіктер болған еді, бірақ біз өкінішке орай оларды пайдалана алмадық. Екінші тайм үшін жігіттерге артар кінәм жоқ, себебі олар бар қал-қадірлерінше ойнады. Олардың "Шахтермен" өткен ойыннан соң ұнжырғалары түсіп кетті. Моральді тұрғыда қиынға соқты. Бүгін қарапайым сәттерде гол соға алмадық. Гол соғылмаса, міндетті түрде жеңілесің. Тағы да қайталап айтамын, жеңіліске лайықты емес едік. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV