Есен Жасанов: Бастапқы құрамда шыққаным үшін екі есе қуаныштымын 

"Ақтөбе" жартылай қорғаушысы Есен Жасанов "Ertis" командасымен өткен ойынға пікір білдірді - 0:1. 

- Бүгін жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымын. Бастапқы құрамда шыққаныма екі есе қуандым. Мен бұны көптен армандап едім. "Ақтөбе" матч бойы ойын тізгінін өз қолында ұстап отырды десем болады. Екінші таймда қарсыластың есепті теңестіруге деген талпынысы себепті қорғанысқа көбірек көңіл бөлуге тура келді. Олар қысым жасады. Бірақ біз өз дегенімізге жеттік. Гол соқтырмадық. Жеңіспен құттықтаймын. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV